Жаңалықтар

20 мамыр 2013
Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астанада салынып жатқан Классикалық опера және балет театрында болды

Ғимаратты көру барысында Қазақстан Президентіне театр құрылысының аяқталу сатысының негізгі кезеңдері туралы баяндалды.

Бүгінде ғимараттың ішкі және сыртқы инженерлік желілерін орнату жөніндегі негізгі жұмыстар аяқталды. Театр 1500 орынға лайықталған, соның ішінде 1250 орындық көрермендер залы, 250 орынға арналған камералық музыка залы бар. Нысанды салуға жұмылдырылған жұмысшылар саны 810 адам.

Құрылысты биылғы маусым айының соңында аяқтау жоспарланған. 


Барлық жаңалықтар
 
Басқа нысандарда болу
Өзге іс-шараларға қатысу