National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Астана, Қазақстан

Елбасы «Gold Aluminum» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне барды

2017 жылғы 27 сәуір

Қазақстан Президенті жұмыс сапары аясында терезеге арналған алюминий бұйымдарын жасауға маманданған «Gold Aluminum» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қызметімен танысты.

Елбасы ақпараттық стендтер мен экспозициялық макеттерді көріп, кәсіпорынның жұмыс жоспары жөнінде мәлімет алды.

– Жеке өндіріс ашып, импортталатын тауарлардың орнын басу – еліміздің экономикалық дамуының қазіргі кезеңіндегі маңызды міндеттің бірі, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Соңында Елбасы компания қызметкерлерімен әңгімелесіп, жұмыстарына табыс тілеп, кәсіби жетістіктерге жетуіне ниеттестігін білдірді.

***

Кәсіпорын Индустрияландыру картасы аясында 2014 жылы жұмысын бастады. 2016 жылы «Gold Aluminum» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 750 тоннаға жуық алюминий бұйымдарын шығарған. Оның өнімдері таяу шетелдерге экспортталуда.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің