Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

2 шілде 2012
Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Македония Республикасының Президенті Георге Иванов «Астана - менің жүрегімде» атты фильмнің көрсетілімін тамашалады.

Авторлардың ойлары бойынша, кинофильмнің басты көркемдік мақсаты Астананың жарқын және серпінді дамуын көрсету болып табылады.

Қазақстанның кинематографистерімен бірлесіп түсірілген фильмнің авторлары - Егор Михалков-Кончаловский мен Алексей Голубев. Кинофильмді түсіру процесіне Қазақстан, Ресей, Украина, Грузия, Беларусь және АҚШ-тың актерлер, режиссерлер, операторлар, музыканттар интернационалдық ұжымы қатысты. Киноальманах үшін қаладағы жылдың төрт маусымы  қамтыла отырып, Астананың 500-ден аса көрінісі түсірілген.


Барлық жаңалықтар
 
Өзге жұмыс сапарлары
Барлық жұмыс сапарлары