National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Жұмыс сапарлары

Елбасы «Орал трансформатор зауыты» ЖШС-да болды

2015 жылғы 02 сәуір

 

Мемлекет басшысы қуатты трансформаторлар жасау үдерісімен танысты және зауыттың дайын өнімдерін көрді.

Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ еңбек ұжымымен әңгімелесті. Қазақстан Президенті мемлекет көрсеткен қолдаудың арқасында кәсіпорын қалпына келтірілгенін және бүгінде одан әрі дамуға дайын екенін айтты. Кәсіпорынның қазір өз өнімдерін Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне экспорттауға барлық мүмкіндігі бар. 

Зауыт жұмысшылары индустриялық саясаттың іс жүзіне асып жатқаны туралы айтып, мемлекет халықтың әл-ауқатын арттыруға, елдегі тұрақтылықты қамтамасыз етуге күш-жігер жұмсап отырғаны үшін алғыс айтты.

***

Италияның, Швейцарияның және немістің  заманауи жабдықтармен жабдықталған зауыттың жобалық қуаты жылына 10 мың трансформатор шығаруға есептелген. Мұнай-газ саласының компаниялары, энергетикалық кешен мен теміржол көлігі кәсіпорындары осы өнімнің негізгі тұтынушылары болып саналады. 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің