Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

1 қазан 2014
Мемлекет басшысы «CaspiBitum» БК» ЖШС-да болды
Маңғыстау облысы

Елбасына зауыт жұмысының негізгі бағыттары мен кәсіпорын шығаратын битумның жол құрылысында қолданылуы туралы баяндалды.

 

Елбасына зауыт жұмысының негізгі бағыттары мен кәсіпорын шығаратын битумның жол құрылысында қолданылуы туралы баяндалды.

Қазақстан Президенті қытайлық серіктестердің жобаны табысты жүзеге асырудағы үлесін атай отырып, оның алдағы уақытта кеңейе түсетініне сенім білдірді.

Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ Қазақстан аумағы арқылы Қытайдан Парсы шығанағы елдеріне дейін көлік бағыттарын салу бойынша жүзеге асырылып жатқан жобалар Жібек жолының қазіргі заманғы көрінісі екенін атап өтті. Соған орай жаңа нысандар құрылысы кәсіпорын үшін жақсы мүмкіндіктер бермек.

Мемлекет басшысы  зауыт өнімдері Қазақстанның елордасын республиканың өзге қалаларымен, сондай-ақ шетелдермен жалғауы тиіс "Нұрлы жол" автокөлік жолы жобасын жүзеге асыру үшін де қажет болатынына назар аударды.

Сонымен қатар Қазақстан Президенті еңбек ұжымының өкілдерімен әңгімелесті. Олар елдің индустриялық әлеуетін арттыруға бағытталған жобаларға көңіл бөліп отырғаны үшін Елбасына алғыстарын білдірді.

Жыл сайын Қаражамбас кенішінен 1 миллион тонна мұнай өңдеуге есептелген  «CaspiBitum» БК» ЖШС зауыты жыл басынан бері 125 мың тонна жол құрылысына арналған битум өндірді. Бұл өнім «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» халықаралық автокөлік дәлізі мен республикалық маңыздағы автожолдардың құрылысына пайдаланылады. 


Барлық жаңалықтар
 
Өзге жұмыс сапарлары
Барлық жұмыс сапарлары