National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Жұмыс сапарлары

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында облыстық Ана мен бала орталығында болды

2013 жылғы 25 маусым

Ана мен бала орталығын аралау кезінде Мемлекет басшысына өңірдегі негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер және денсаулық сақтау саласын дамыту жөніндегі бағдарламаны іске асыру барысы туралы баяндалды.

Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет отандық денсаулық сақтау саласын дамытуға зор мән беріп отырғанын, соның арқасында ана мен бала өлімі бірден азайғаны, өмір сүру ұзақтығы артқаны байқалғанын атап өтті.

Қазақстан Президенті қазіргі уақытта қабылданған шаралар дені сау ұлтты қалыптастыруға ықпал ететініне тоқталды.

Медициналық орталық 575 орынға арналған, онда педиатриялық және акушер-гинекологиялық блоктар, сондай-ақ перзентхана мен жалпынауқастарға арналған бөлім бар. Мұнда 700-дей медицина қызметкері жұмыс істейді.

Ана мен бала орталығының міндеті – жүкті және жаңа босанған аналарға арнаулы медицналық көмек сапасын арттыру, перинаталдық және ана өлімін азайту, қауіпке ұшырамай ана болуға дайындау үшін жасөспірім қыздарды сауықтыру, сондай-ақ жүктілік және босану кезінде медициналық бақылау және мониторинг жүргізудің бірыңғай жүйесін құру.         


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің