National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Жұмыс сапарлары

Елбасы облыстық драма театрда болды

2015 жылғы 07 сәуір

 

Елбасы театрда шығармашыл зиялы қауым және облыстың этно-мәдени бірлестіктері өкілдерімен кездесті.

Қазақстан Президенті жиналғандарды жаңа театрдың ашылуымен құттықтап, елдің береке-бірлігі үшін қоғамды рухани және мәдени дамытудың маңыздылығын атап өтті.

– Бұл – мәдениеттің тамаша жаңа ордасы. Театр 600 орынға лайықталған, дайындық залдары, кіші залы бар. Қазақ және орыс труппаларының ойдағыдай жұмыс істеуі үшін барлық жағдай жасалған. Өскемендіктер осы залда актерлердің тарихымыз бен қазіргімізді айшықтайтын керемет ойынын көретініне сенімдімін, – деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның мәдени өмірін нығайтудағы экономикалық бақуаттылықтың айрықша рөлін атап өтті.

– Мәдениет дамуы үшін экономиканы көтеру қажет. Адамның театрға баруды қалауы тыныш өмір сүріп, тұрақты табыс тапқан кезде ғана пайда болады. Қазақстанда бүгінде үш опера және балет театры, ал облыстарда 50 шақты театр жұмыс істейді. Мұның бәрі мәдени-рухани өмірдің де экономикадағыдай қарқынмен дамуы үшін қажет, – деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы Қазақстанның мәдениет пен өнер саласында қол жеткізген жетістіктері елдің жүйелі экономикалық дамуы арқасында мүмкін болғанына назар аударды.

– Тәуелсіздік жылдары біз жаңа Қазақстанды қалыптастырдық, жаңа ұрпақ тәрбиеледік, экономиканы еселедік, халықтың табысын ұлғайттық. Біз үлкен екі дағдарысты еңсердік. Биыл 20 жылдығын атап өтетін Қазақстан халқы Ассамблеясы әлемнің көптеген елдеріне үлгі болды. Республикамыз ауқымды халықаралық шаралар өтетін орынға айналды. Осының бәріне бірлік пен тұрақтылықтың арқасында қол жетті. Мұны ең басты байлығымыз ретінде сақтау керек, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Соңында Қазақстан Президенті баршаға зор денсаулық, татулық және табыс тіледі.

Іс-шара барысында сондай-ақ театр актерлері өнер көрсетіп, концерт өтті. 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің