Жаңалықтар

28 наурыз 2008
Бүгін Ақордада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаевтың төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы болып өтті.

Отырыста биылғы жылы «Болашақ» стипендиаттарына жолдама ұсынылатын аса сұранысқа ие мамандықтар тізбесі қаралып, бекітілді.


Мемлекеттік хатшы Қанат Саудабаев атап өткендей, «бүгінгі қарастырылып отырған мамандықтар тізбесі біздің экономиканың серпінді даму басымдықтарын және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруды бүгін ғана емес, сондай-ақ болашақта да барынша айқындай түсуге тиіс. Министрліктердің, ведомствалар мен ұлттық компаниялардың өтініші негізінде біз қажетті мамандар даярлау жөнінде орнықты жоғары рейтингке ие мамандықтар мен шетелдік жоғары оқу орындарына басымдық беруіміз керек. Біз бүгіннің өзінде мамандықтар мен стипендиаттарды іріктеу кезінде «Болашақ» түлектерінің Қазақстанға елімізде ғана емес, сондай-ақ күллі әлемде бәсекеге қабілетті, кәсіби маман болып қайтуы үшін берік негіз қалауымыз қажет. Президент біздің алдымызға нақ осындай міндеттер қойып отыр».


Комиссияның қарауына ақпараттық технологиялар мен жүйелер, биотехнологиялар, медициналық мамандықтар, телекоммуникациялар, машина жасау, инжиниринг сияқты мамандықтар бойынша 114 үміткердің жеке істері енгізілді.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар