Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

23 наурыз 2011
Бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ЕҚЫҰ/ДИАҚБ сайлауды бақылау жөніндегі миссиясының басшысы Даан Эвертсті қабылдады.
01

Әңгімелесу барысында Қазақстанда өтетін алдағы президенттік сайлау мәселелері тақыланды.

- Бұл маңызды кездесу болды. Мен Президенттікке көрнекті кандидат Нұрсұлтан Назарбаевпен кездестім. Біздің миссиямыздың міндеті - Қазақстандағы сайлау жүйесін жақсарту және сайлауды өткізу тәжірибесін бақылау. Президент алдағы сайлауды ашық, таза және әділ бағалауға кеңес берді, - деді журналистерге арналған брифингтен кейін Д.Эвертс.

Бұдан бұрын хабарланғандай, биылғы жылғы 3 наурызда «Нұр Отан» ХДП орталық аппаратында болғанында, Президент белсенді сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізбейтінін, ал мемлекеттік саясатты іске асыруда өзекті мәселелермен айналысатынын атап өткен болатын. Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ сайлауалды кезеңде қолданыстағы заңнаманы қатаң сақтау қажеттігін атап өткен. Мемлекет басшысы барлық деңгейдегі әкімдердің назарын сайлау заңнамасын сақтау қажеттігіне аударған. Барлық мемлекеттік билік органдары сайлау науқанының барысына араласпай, тек өз істерімен шұғылданулары керек. Президент Бас Прокуратураға заңнаманың сақталуын қадағалауды қамтамасыз етуді, сайлау туралы заңнаманың бұзылғандығы жайлы шағымдар мен өзге өтініштер туралы деректерге жедел назар салып, қандай да бір құқық бұзшылық деректері орын алған жағдайда оны тез арада жойып, бұл ретте принципшілдік танытулары қажеттігі туралы тапсырма берген. Сонымен бірге, Нұрсұлтан Назарбаев Байланыс және ақпарат министрлігіне сайлауалды үгіт-насихат кезеңінде кандидаттардың бұқаралық ақпарат құралдарына тең қолжетімділігін қамтамасыз етуді тапсырған. Мемлекет басшысы сайлауға бақылау жасауды және қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету қажеттігін атап өткен.              


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар