Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

9 ақпан 2011
Бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Glencore International AG» компаниясының бас директоры Айван Глайзенбергті қабылдады.

Әңгімелесу барысында бірқатар екі жақты ынтымақтастық мәселесі талқыланды.

- Кездесу кезінде біз «Glencore» компаниясының Қазақстандағы инвестициялық жобаларын, елде біздің қызметіміздің аясын кеңейту мәселесін талқыладық. Жақында біз «Қазмырыш» АҚ кәсіпорнына мыс қорыту жабдықтарын орнатып, 850 миллион АҚШ доллары көлемінде инвестиция тарттық. Жабдықтар осы жылдың наурызында іске қосылады. Бұдан бөлек, біз «Алтынтау» алтын карьерін зерттеу мәселесін талқыладық. Компания карьерге 657 миллион доллар көлемінде инвестиция тартып отыр. Қазір карьердің қуаты 70 пайызды құрайды, ал сәуірде ол 100 пайызға дейін жетеді, - деді А. Глайзенберг журналистерге арналған брифингте.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар