Жаңалықтар

4 ақпан 2011
Бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қырғыз Республикасының Премьер-Министрі Алмазбек Атамбаевты қабылдады.
01

Кездесу барысында екі жақты ынтымақтастықты дамытудың кең ауқымды мәселелері талқыланды.

ҚР Премьер-Министрі Нұрсұлтан Назарбаевтың Қырғызстандағы ахуалды тұрақтандыру үдерісіндегі рөлін жоғары бағалады және қырғыз халқы үшін қиын кезеңдерде Қазақстан тарапынан көрсетілген қолдауға ризашылығын білдірді. Жалпы, 20 миллион доллардан астам гуманитарлық көмек көрсетілген.

Сондай-ақ, А.Атамбаев Қырғызстан үшін Қазақстан негізгі серіктес және инвестор болып табылатынын атап өтті. 2010 жылы мемлекеттер арасындағы сауда айналымының көлемі 500 миллионнан астам долларды құраған.

Таяу уақытта Бишкекте қазақстандық бизнесмендердің қатысуымен халықаралық экономикалық форум өткізу жоспарлануда. Форумда қырғыз экономикасын қалпына келтірудің және дамытудың өзекті проблемалары талқыланатын болады.

ҚР Премьер-Министрі Қырғызстанда қазақстандық инвестицияны сенімді қорғауға мүмкіндік туғызатын қажетті шаралар қабылданатынына тоқталып өтті.

Қазіргі уақытта Қырғызстанда қазақстандық каптиалдың қатысуымен банктік секторда, энергетика, газтранспорт саласында, өнеркәсіп, құрылыс материалдары өндірісінде 400-ден астам бірлескен кәсіпорындар жұмыс істейді.

Қазақстанда қырғыздардың қатысуымен сауда, туризм, құрылыс, транспорт салаларында 250 компания жұмыс істейді.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар