Жаңалықтар

19 мамыр 2011
Бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Малайзияның Сыртқы істер министрі Дато Шри Анифа Аманды қабылдады.

Әңгімелесу барасында екіжақты ынтымақтастық мәселесі талқыланды.

- Бірінші кезекте, мен Президентке Малайзияның Премьер-Министрінің Нұрсұлтан Назарбаевты таяудағы президенттік сайлаудағы тамаша жеңісіне орай шын жүректі құттықтауын тапсырдым. Бұл жеңіс - Қазақстан халқының өз Президентіне деген жоғары сенімінің көрінісі. Біз өте қысқа мерізмде Қазақстан қол жеткізген жетістіктерге таңданыспен қараймыз. Қазақстанның Тәуелсіздігінің 20 жылдығын мерекелеу аясына біз де өз тарапымыздан осы мерекені атап өтуге қосылуға дайынбыз. Біз осы 20 жылда сіздер жеткен жетістіктер мен прогреске қуаныштымыз. Кездесу кезінде біз әсіресе сауда және инвестиция саласындағы ынтымақтастығымызды одан әрі нығайту мәселесін талқыладық. Н.Назарбаев малайзиялық компанияларды Қазақстан нарығына кіруге, елді дамытуға қатысуға шақырды. Мен Қазақстан мен Малайзия арасындағы қарым-қатнастар келешекте де дами беретініне сенемін. Малайзияда оқып жатқан 2000-ға жуық қазақстандық студенттер біздің қарым-қанынастарымызды одан әрі нығайта түсетін болады. Менің Қазақстан Президентімен және Үкіметімен бұдан әрі жұмыс істеп, тәжірибе алмасып, прогресс пен табысты ортақтасып, ортақ мақсаттарға қол жеткізгім келеді. Мен Қазақстан ИКҰ-ның төрағасы ретінде дана көшбасшылығын танытатынына сенемін. Өткен жылы ЕҚЫҰ-ға төраға болғанындай, ИКҰ-ның төрағасы ретінде де Қазақстанда Батыс пен Шығыс арасындағы қарым-қатынастарды нығайтуда үлкен мүмкіндіктер бар, - деді журналистерге арналған брифингте Д.Аман.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар