Жаңалықтар

24 қараша 2011
Бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Украина Премьер-Министрі Николай Азаровты қабылдады.
01

Кездесу барысында екіжақты қарым-қатынастардың кең көлемді мәселелері, атап айтқанда, инвестиция және сауда-қаржы саласындағы ынтымақтастық мәселесі талқыланды. Ағымдағы жылдың 10 айында екі елдің арасындағы сауда айналымы 70 пайызға өсіп, 2,5 млрд. АҚШ долларын құрады. Қазақстан Украинаның Ресей Федерациясынан кейінгі ірі сауда серіктесі болып табылады.

Украина Премьер-Министрі Қазақстанның елордасы Астананың архитектуралық және даму қарқынына өз таңданасын білдірді.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар