Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

22 желтоқсан 2011
Бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Маңғыстау облысындағы Жаңаөзен қаласын қалпына келтіру мәселелері жөнінде кеңес өтті.
01

Кеңес жұмысына Премьер-Министр Кәрім Мәсімов, Парламент Сенатының Төрағасы Қайрат Мәми, Президент Әкімшілігінің Басшысы Аслан Мусин және өзге де мемлекеттік органдардың басшылары қатысты.

Президент өз сөзінде Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылған, Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Өмірзақ Шөкеев басқаратын Үкіметтік арнайы комиссия Маңғыстау облысында болып, тұрғындармен кездесулер өткізіп, жергілікті жердегі жағдайды жан-жақты зерттегенін атап өтті. Үкімет тарапынан Жаңаөзендегі тәртіпсіздіктің салдарларын жою және қаланы қалпына келтіру жөніндегі арнайы іс-шаралар жоспары бекітілді. Осы мақсат үшін Үкімет тарапынан 3 млрд. теңгеден астам сомада қаражат бөлінді.

Мемлекет басшысы қазіргі уақытта қаладағы жағдай тұрақтанғанын атап көрсетті. Басқару органдары қалыпты режимде жұмыс істеуде.

Президент Әкімшілігінің Басшысы А. Мусин Мемлекет басшысын ағымдағы жылдың 17 желтоқсанында өткен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында берілген тапсырмалардың орындалуын ұйымдастыру барысы туралы хабардар етті.

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Ө. Шөкеев Президентке арнайы комиссияның Маңғыстау облысындағы Жаңаөзен қаласындағы жаппай тәртіпсіздікке байланысты туындаған әлеуметтік-экономикалық, гуманитарлық және өзге проблеманы жедел шешу жөніндегі жұмысы туралы баяндады.

Бас прокурор А. Дауылбаев Мемлекет басшысына Маңғыстау облысындағы Жаңаөзен қаласындағы жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырған кінәлілерді анықтау жөніндегі тергеу барысы туралы баяндады.

Кеңестің қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар нақты тапсырмалар берді.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар