Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

16 шілде 2010
Бүгін Алматыда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Ақ Кент» көп пәтерлі тұрғын үй кешенінің салтанатты ашылу рәсіміне қатысты.
17.07.2010-1

Кешеннің жалпы аумағы 44 гектарды құрайды. Бас жоспар бойынша 89 тұрғын үй салынатын болады. Тұрғын үй кешенінің құрамында мектеп, екі балабақша, денсаулық сақтау нысандары және өзге де инфрақұрылымдар бар. Кешеннің құрылысы «Самұрық-Қазына» Әл-ауқат қоры АҚ тарапынан қаржыландырылуда. Мемлекеттік қолдау желісі бойынша 16,5 миллиард теңге бөлінген.

Рәсімге қатысушылардың алдында сөйлеген сөзінде, Президент Нұрсұлтан Назарбаев жаһандық рецессия жағдайында, әлемнің көптеген дамыған елдері өз бюджетінің әлеуметтік бөлігін қысқартуды жалғастырып отырғанда, Қазақстан өз экономикасының әлеуетін көрсеткенін атап өтті.  

­­- Сіздер менің тапсырмам бойынша барлық әлеуметтік төлемдер арттырылғанын, барлық бюджеттегілердің еңбекақысы өскенін білесіздер. Бұдан басқа, біз еліміз бойынша барлық үлескерлерге қолдау көрсеттік. Қиянатшыл құрылыс компаниялары заң бойынша жазаланды, ал зиян шеккен үлескерлер пәтер кілттерін алды. Бүгін біз ашқан кешен мемлекеттің өз азаматтарына қиын кездерде көмекке келгендігінің жарқын мысалы болып табылады. Бұл қолдауды бағалай білу керек, ­- деді Нұрсұлтан Назарбаев.     


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар