Жаңалықтар

28 наурыз 2008
Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар жұмыс кездесулерін өткізді.

Мемлекет басшысының қабылдауында болған Қазақ тағам академиясының президенті, академик Төрегелді Шарманов қазақстандықтардың денсаулығы сапалы тағамға өзара байланысты екендігі жөнінде мәселе көтерді.


- Халық денсаулығының деңгейін анықтайтын басты жеті фактор тамақтану мәселесімен тікелей байланысты. Тиімді тамақтанған жағдайда, әсіресе жас шамасы 50-ден асқан азаматтар арасындағы жүрек-тамыр ауруынан туындайтын өлімді едәуір қысқартуға болады. Бұл тамақтану факторларының Қазақстан халқының өмір сүру деңгейі мен жасының ұзақтығын айқындайтын негізгі жайттар болып табылатынының айғағы, - деді Т.Шорманов журналистерге арналған брифингте.


Кездесу барысында академик сондай-ақ бірінші және жоғары сұрыпты ұнды міндетті фортификациялау үдерісін қайта қалпына келтіру, медициналық көмектің сапасына оң ықпал ететін телемедицинаны дамыту мәселелерін қозғады.


Сондай-ақ Т.Шорманов үстіміздегі жылдың қазан айында Алматыда Жоғарғы денсаулық сақтау хартиясының 30 жылдығы аталып өтілетінін жеткізді. Аталған Хартияны 1978 жылы Алматыда ВОЗ және ЮНИСЕФ бастамасымен Алғашқы дәрігерлік көмек жөніндегі халықаралық конференция қабылдаған болатын. XX ғасырдың Ұлы денсаулық сақтау хартиясы ретінде тарихқа енген Алматы декларациясы әлемдік денсаулық сақтаудағы негіз қалаушы құжаттың бірі болып табылады.


Президент сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Нұрбах Рүстемовті қабылдады. Мәжіліс депутаты Мемлекет басшысына «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясының сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру аясында Комитеттің атқарған жұмысы жөнінде әңгімеледі.


- Мен сондай-ақ Президент Н.Назарбаевқа елді мекендерде болған су тасқыны зардабын жоюда Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша көрсетілген көмек үшін Оңтүстік Қазақстан тұрғындарының алғысын жеткіздім, - деді Н.Рүстемов.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар