Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

12 тамыз 2011
Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанада өткен Ұжымдық қауіпсіздік Шарт ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысты.

01

02

ҰҚШҰ-на мүше мемлекеттер басшылары ынтымақтастықтың әртүрлі қырлары мен Ұйымның дамуын талқылады.

- Құрметті әріптестер, мен біздің келісіміміз бойынша сіздерді Астанада ҰҚШҰ-на мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуінде қарсы алып отырғаныма қуаныштымын. Мұндай еркін жағдайдағы бейресми іс-шаралар біздің өзара іс-қимылымыздың маңызды мәселелерін талқылауға жақсы мүмкіндіктер береді. Бүгін біз бірнеше мәселе жөнінде пікір алмасу үшін жиналдық. Қауіпсіздік үшін жаһандық және аймақтық тәуекелдер, ҰҚШҰ мемлекеттерінің тұрақтылығы әлемдегі және аймақтағы соңғы оқиғалармен байланысты, сондай-ақ Ұйымға мүше мемлекеттер арасында туындайтын мәселелерді шешуде біздің Ұйымның қызметінің тиімділігін арттыруға байланысты. Алдағы уақытта американ әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылуы және ҰҚШҰ жауапкершілігі аймағындағы табиғи-техногендік апаттар біз үшін тиісті мәселелер, бұдан басқа, халықаралық лаңкестік қаупінің, заңсыз қару-жарақ, есірткі саудасының едәуір өсуі байқалуда, біздің бәріміз үшін ақпараттық қауіпсіздік саласындағы үлкен мәселелер блогы туындап отыр, - деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен қатар кездесу кезінде Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Ресей Федерациясының Президенті Дмитрий Медведев, Қырғызстан Президенті Роза Отынбаева, Армения Президенті Серж Саргсян және Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон сөз сөйледі.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар