Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

18 наурыз 2011
Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен келді.

001

002

Ақтөбе қаласына келген соң, Президент «Ақтөбеқұрылысхиммонтаж» ЖШС-нің полиэтилен құбырларын шығаратын жаңа зауытта болды. Мемлекет басшысы жаңа өндірісті іске қосты. Зауыт құрылысының жобасы Ақтөбе облысында Үдемелі индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасының аясында іске асырылды. Зауыттың қуаты – жылына 20 мың полиэтилен құбырын шығару. Өндірістік үдерісте ең озық инновациялық технологиялар – энергиялық тиімділігі жоғары экструзионды желілер қолданылады. Шикізат ретінде Германия мен Оңтүстік Кореяның жоғары сапалы импорттық полиэтилен өндірісі пайдаланылатын болады. Жобаның құны – 900 млн. теңге. Шығарылатын өнімдер ТШК, мұнайгаз салаларында қолданылады. Аталған жобаны іске асыру республиканы жоғары сапалы құбыр өнімдерімен қамтамасыз етуге мүмкіндік туғызады. Оны пайдалану мерзімі 50 жылдан астам уақытты қамтиды.

Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ Ақтөбе қаласындағы ІІБ полициясының Зауыт бөлімінде болып, облыстың құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен кездесті. Ғимарат 2010 жылғы қарашада пайдалануға берілген және полицияны техникалық қайта жабдықтау аясында заманауи техникалық құралдармен, басқару және бейнебақылаудың автоматтандырылған жүйесімен жарақтандырылған. 2010 жылы облыстық бюджет есебінен облыстық ІІД үшін 43 автомобиль сатып алынып, Ақтөбе қаласының ІІБ Зауыт бөлімінің ғимараты, Қарғалы ауылында учаскелік полиция бекеті пайдалануға берілген.

Президент азаматтардың өтініштері мен хабарламаларын қабылдау тәртібімен, сондай-ақ азаматтар өтініштері деректері бойынша материалдарды алға жылжытуды және «online» режимінде олар бойынша шешім қабылдауды тексеруге мүмкіндік беретін ақпараттық терминал жұмысымен танысты. Өңірдегі ішкі істер органдарын кешенді техникалық қайта жабдықтау және ақпараттық қамтамасыз ету бағдарламасын іске асыру аясында техникалық қайта жарақтандыру жөнінде белсенді жұмыстар жүргізілуде, инновациялық технология енгізілуде, бірыңғай ақпараттық мәліметтер базасы құрылуда. Сонымен бірге, ішкі істер органдары мен атқарушы биліктің тығыз өзара іс-қимылымен «Қайнар» ведомствоаралық өзара іс-қимыл бірыңғай ақпараттық ортасы құрылды.

Мемлекет басшысы полиция қызметкерлеріне 20 қызмет автомобиль және 10 пәтер кілттерін табыс етті.

Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ «Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі» атты жастар марафон-эстафетасының ашылуына қатысты. Рәсімнің ашылуы «Қоныс» спорт сарайында өтті. Марафон-эстафетаның мақсаты – туған өлке мен туған ауылды көркейту, жастарды патриотизм рухында тәрбиелеу, еңбекке баулу. Іс-шараға қатысу үшін елдің барлық өңірінен делегация келді. «Болашақ жолы» облыстық жастар ұйымы мен «Жасыл ел» республикалық жастардың еңбек отрядтарының жетекшілері марафон-эстафетаның алғашқы жылының қорытындысы және «Жасыл ел» мен студенттік құрылыс отрядтарының елімізді көркейту және көгалдандыру жөніндегі жаңа кең көлемдегі акцияға қатысуға дайындықтары туралы баяндады. Сондай-ақ еліміздің өзге өңірлерінен келіп, форумға қатысып отырған, «Дипломмен ауылға!» бағдарламасы бойынша ауылда еңбек ететін  жас мамандар сөз сөйледі.

Өз сөзінде Мемлекет басшысы марафон-эстафета – бұл, бәрінен бұрын, жас ұрпақ үшін өмірлік мектеп екенін атап өтті. Өз замандастарымен, аға буынмен араласу жастарға достық, өзара көмек көрсету және бірлік тәрізді қарапайым адамгершілік құндылықтардың мәнін ұғынуларына мүмкіндіктер туғызады. Гүлзарлар мен парктерді көркейту, көшелер мен тұрғын үй кварталдарын көгалдандыру, аумаққа тазалық жұмыстарын, әлеуметтік нысандарға жөндеу жүргізу - бүкіл халықтық пайдалы іс. Студенттік шығармашылық фестивальдарын, қайырымдылық акцияларын, спорттық жарыстардың өткізілуі отандық тарихтағы ең басты оқиға – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығын мерекелеуде жанды атмосфераны орнықтыруға мүмкіндіктер туғызады.

Бүгінде мемлекет қазақстандық жастарды қолдауға басты назар аударып отыр. Президенттің тапсырмасы бойынша еліміз көлемінде Зияткерлік мектептер желісін қалыптастыру аяқталып қалды. «Болашақ» бағдарламасы еліміздің игілігі үшін еңбек ететін мыңдаған жас қазақстандықтардың өміріне жолдама берді. Астанада әлемдік деңгейдегі Университет ашылды. «Ауыл жастары» бағдарламасы аясында ауыл жастары үшін гранттар, сыйлықтар мен стипендия бөлінуде. «Дипломмен ауылға!» бағдарламасын іске асыру 12 мыңнан астам жас мамандардың қазақстандық ауылдың игілігіне жұмыс істеуіне мүмкіндіктер туғызды. Еңбекке орналастыруға көмек көрсетуге бағытталған «Жастар практикасы» жобасы табысты іске асырылуда. «Жасыл ел» жастардың еңбек отрядтарының жұмысы 140 мыңнан астам Қазақстанның патриоттарын қамтыған. Соңғы үш жылда жастар ұйымдарын қаржыландырудың жиынтық көлемі 1,5 млрд. теңгеге жетті. Өткен жылдан бастап мемлекеттік қызметте жас кадрларды өңірлерден орталыққа орналастыру қолға алына бастады. Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы аясында мыңдаған жас мамандар жаңа тұрғын үй алу мүмкіндігіне ие болды. Таяу келешекте жастарға қолдау көрсету жұмыстары күшейтілетін болады. Жұмыстың негізгі бағыттары Президенттің қаңтардағы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына Жолдауында баяндалған.

Таяу бес жылда еліміз бойынша 400 жаңа мектеп салынатын болады. Жастарды экономиканың индустриалдық-инновациялық дамуы үшін жаңа мамандықтарға тегін оқыту жұмыстары жалғасын табатын болады. Мемлекет тегін оқытуды, оқу орындарына дейінгі жолақысын және оқитындарға стипендия төлеуді қаржыландыратын болады. Ауыл жастарына мемлекет тарапынан жеке бизнесін ашу үшін шағын несиелер бөлінетін болады. Сондай-ақ Президенттің тапсырмасы бойынша «Жас ұлан» жастар қозғалысы мен «Жас қыран» балалар ұйымдарын құру жөніндегі жұмыстар басталды. Бұл жастарды топтастыруға, жастар мен балалар ұйымдарын нығайтуға мүмкіндік береді. Бұқаралық спортқа, әсіресе жастардың спортпен шұғылдануына жағдай жасалатын болады. Келесі онжылдықтың бас кезінде дене шынықтырумен және спортпен айналысатын азаматтардың үлесі отыз пайызға жетеді.

- Осының бәрі сіздер үшін жасалуда. Біз өз жастарымызды әрдайым қолдап келдік және қолдау көрсете береміз. Өйткені, ел болашағы – сіздерсіздер. Сіздер нақты азаматтық ұстаным ұстанып, патриот болып, өз салаларыңыздың жоғары білімді мамандары болуға тиіссіздер. Отанның игілігі үшін өмір сүру, білім алу және еңбек ету - әрбір қазақстандықтың басымдығы болуы керек. Сіздердің алдарыңызда біздің ортақ игілігіміз – Тәуелсіздікті сақтау және нығайту, еліміздің жетістіктерін арттыру міндеті тұр, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар