Осы этнокешенде Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Конституциясының 15 жылдығына арналып ашылған жаңа диорамалық павильонда болды. Президентке ел тарихының негізгі елеулі кезеңдеріне арналған экспозиция көрсетілді.
Президент сондай-ақ елорданың сол жағалауының макетімен танысты.
Кешенмен танысып шыққан соң, Мемлекет басшысы Астана қаласының 11 сынып оқушыларымен кездесті. Нұрсұлтан Назарбаев оқушыларды Білім күнімен құттықтап, оларға оқуда табыс, денсаулық және сәттілік тіледі.