Жаңалықтар

16 шілде 2010
Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы Григорий Марченконы қабылдады.

Г.Марченко Президентке еліміздегі ағымдағы макроэкономикалық жағдайы туралы баяндады. Ол Нұрсұлтан Назарбаевты бірінші жартыжылдықтың алдын-ала қорытындыларынан хабардар етті.

- Жалпы, жағдай тұрақты. Инфляция 6,8 пайызды құрайды және белгіленген дәліз аясында тұр. Төлем балансының сальдосы бірінші тоқсанда жағымды болып табылады. Макроэкономикалық көрсеткіштер жаман емес, - деді Г.Марченко.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар