Жаңалықтар

5 наурыз 2012
Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының сайланған Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті.

Қазақстан Президенті Владимир Путинді Ресей Федерациясы Президентінің сайлауындағы сенімді жеңісімен құттықтады.

Нұрсұлтан Назарбаев мамыр айында тарихи келісімге - Ресей мен Қазақстан арасындағы Достық, ынтымақтастық және өзара жәрдем туралы шартқа 20 жыл толатынын атап өтті.

Мемлекет басшысы сондай-ақ Владимир Путинді Қазақстанға ресми сапармен келіп кетуге шақырды.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар