Жаңалықтар

23 мамыр 2010
Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Шымкент қаласында Даңқ мемориалын аралап көрді.

Мемориалда ардагерлермен және қала жұртшылығымен кездескен Елбасы өз сөзінде «Сұрапыл соғыста кеудесін оққа тосқан майдангерлердің ерлігі – ұрпаққа үлгі. Тәуелсіздігімізді қастерлеу, елдігімізді ұлықтау, жастарды патриотизмге тәрбиелеу мақсатында жасалған мұндай шаралардың маңызы айрықша» деп атап көрсетті.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Шымкент қаласындағы №86 қазақ орта мектебін ашты. Елбасы үздік заманауи технологиямен жабдықталған мектепті аралап, білім ордасының ұжымы мен шәкірттеріне табыс тіледі. 


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар