Жаңалықтар

23 мамыр 2010
Бүгін Мемлекет басшысының шақыруымен Қазақстанға Түркия Республикасының Президенті Абдуллаһ Гүл ресми сапармен келді.

Түркия Президентін Шымкент әуежайында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қарсы алды.

Мемлекет басшыларының кездесуі барысында екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Ертең екі ел басшылары Түркістан қаласына барады. Онда Нұрсұлтан Назарбаев пен Абдуллаһ Гүл Қ.А.Иасауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті мен Қ.А.Иасауи кесенесінде болады.

Түркия Президентінің ресми сапары одан әрі Қазақстанның елордасы Астана қаласында жалғасады.   


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар