Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

14 желтоқсан 2011
Бүгін Парламент Сенатында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған салтанатты жиналыста Мемлекет басшысына «Елбасы» төсбелгісі тапсырылды.

Тұңғыш Президент-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты айрықша үлгідегі «Елбасы» белгісімен марапаттау туралы қаулыны сенаторлар бірауыздан қолдады.

Сенат төрағасы Қайрат Мәми атап өткендей, депутаттар мұндай шешімді қабылдау арқылы Мемлекет басшысының тәуелсіз Қазақстанды қалыптастырудағы және дамытудағы орасан рөліне тарихи бағасын берді.

Президент сенаторларға аталған бастамалары үшін ризашылығын білдіріп, Парламенттің Қазақстанның мемлекеттілігін нығайтуға үлкен үлес қосқанын атап өтті.

- Тәуелсіздіктің 20 жылы ішінде Парламент депутаттары елдің, экономика мен қомғамның игілігі үшін үлкен жұмыстар атқарды. Біздің еліміз биліктің барлық тармағының тиімді өзара іс-қимылының арқасында барлық ауырпалықтар мен қиыншылықтарды еңсере білді, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар