Жаңалықтар

12 мамыр 2007
Бүгін Түркіменбашы қаласында Қазақстан, Ресей және Түркіменстан Президенттерінің үшжақты саммиті болып өтті.

big-02_polosa.jpg

big-001d.jpg

Нұрсұлтан Назарбаев, Владимир Путин және Гурбангулы Бердымұхаммедов бір жарым сағатқа жуық болған өзара кездесуде көлік-энергетика саласындағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады.


Мемлекет басшылары жүргізілген келіссөздердің қорытындысы жөнінде көпжақты құжаттарға қол қою рәсімінің алдында әңгімелеп берді. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев кездесудің нәтижелеріне қанағаттанғанын жеткізді.


- Каспий жағалауы газ құбыр желісінің құрылысын жүргізу туралы құжат келісілді. Қазақстан мұнай-газ тасымалдау үшін мүмкіндік ұсынуға әрқашан дайын, ал бүгінде жаңа газ құбыры жобасын, сондай-ақ қолда бар газ тасымалдау жүйелерінің қуатын кеңейтуді қолдап отыр. Біз Каспий проблемалары жөнінде толық әрі орнықты пікір алмастық, болған келіссөздер біздің барлығымыздың Каспий теңізінің мәртебесі мәселесі бойынша келісілген ұстанымға қол жеткізуге деген тілегіміздің бар екенін көрсетті. Бұл теңіз қорын сақтау және өңірдегі қауіпсіздік проблемаларына да қатысты, - деді Н.Назарбаев.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар