Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

1 желтоқсан 2010
ЕҚЫҰ Саммиті аясында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар екіжақты кездесулер өткізді.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ауғанстан Ислам Республикасының Президенті Хамид Карзаймен кездесті.

Кездесу барысында екі жақты ынтымақтастық мәселесі, сондай-ақ халықаралық және аймақтық қауіпсіздік мәселелері талқыланды.

 

***

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Германия Федералдық Республикасының Федералдық канцлері Ангела Меркельмен кездесті.

Кездесу барысында сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы қазақстан-герман ынтымақтастығын кеңейтудің перспективалары, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі ең өзекті мәселелер талқыланды.

 

***

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Дмитрий Медведевпен кездесті.

Қазақстан мен Ресей көшбасшылары сауда-экономикалық салалардағы Қазақстан-Ресей ынтымақтастығын одан әрі дамытудың перспективаларын, екі елдің аймақтық интеграциялық бірлестіктер аясындағы өзара іс-қимылын, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі ең өзекті мәселелерді талқылады.

Кездесу барысында Президент Нұрсұлтан Назарбаев Саммиттің күн тәртібінің өзектілігін атап өтті, сондай-ақ Ресей Президентіне осы форумның жұмысына қатысқаны үшін алғыс айтты.

Ресей Президенті Дмитрий Медведев Саммиттің Азияда, Қазақстанда өтуі – бұл Нұрсұлтан Назарбаевтың Тәуелсіз Қазақстанның құрылысына қосқан жеке үлесін, сондай-ақ ЕҚЫҰ-ның Саммитін өткізудің өзектілігін мойындау болып табылатынын атап өтті.

 

***

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Америка Құрама Штаттарының Мемлекеттік хатшысы Хиллари Родхэм Клинтонмен кездесті.

Кездесу барысында екі жақты сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамыту мәселесі, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі ең өзекті мәселелер талқыланды.

***

 

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түрік Республикасының Президенті Абдулла Гүлмен кездесті.

Мемлекет басшылары сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларын, екі елдің халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимылын, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі ең өзекті мәселелерді талқылады.

 

***

 

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Литва Республикасының Президенті Даля Грибаускайтемен кездесті.

Тараптар екі жақты ынтымақтастықты дамыту мәселесін, оны келешекте белсенді жүргізу перспективаларын, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі ең өзекті мәселелерді талқылады.

 

***

 

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенкомен кездесті.

Мемлекет басшылары екі жақты ынтымақтастықты дамыту мәселесін, аймақтық интеграциялық бірлестіктер аясында Қазақстан мен Беларусь өзара іс-қимылын, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады.

***

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Украина Президенті Виктор Януковичпен кездесті.

Н.Назарбаев пен В.Янукович екі жақты сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту перспективаларын, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі ең өзекті мәселелерді талқылады.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар