Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

13 қыркүйек 2006
Әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының ІІ съезі аяқталғаннан кейін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев форумға қатысушы делегациялар басшыларымен кездесті.

160.jpg

160.jpg

161.jpg

162.jpg

163.jpg

164.jpg

165.jpg

Әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының ІІ съезі аяқталғаннан кейін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев форумға қатысушы делегациялар басшыларымен кездесті.

 
Қазақстан Президенті Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының төрағасы Рене Ван дер Линденді қабылдады.

 
- Сіздердің мәдениетаралық және дінаралық үнқатысуларыңыз – бірегей құбылыс. Осы үнқатысуды дамытуға Президент Назарбаевтың айрықша үлесін атап көрсеткім келеді. Өзара түсіністіктің бәріміз үшін айрықша зор маңызы бар.  Бұл тұрақтылық пен бейбітшілікті сақтау үшін басты шарт. Діни лидерлер бүкіл әлемде бейбітшілікті сақтауға өз үлесін қосатынына мен шын ниетпен сенемін, - Р. Ван дер Линден.

 

Мемлекет басшысы Бүкілқытайлық буддистер қауымдастығы төрағасының орынбасары Цзямуян Ласонцзюмэй Туданьцюэцзинимді қабылдады.

 
- Бұл менің Астанаға, осынау өте көрікті қалаға екінші сапарым. Үші жыл ішінде Астана қатты өзгерген. Съезд үлкен табыспен өтті. Түрлі діндердің өкілдері көптеген өзекті мәселелер бойынша егжей-тегжейлі пікір алмасты. Біз өңірде және бүкіл әлемде бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге ортақ үлес қосу үшін Астанадағы кезекті кездесуді асыға күтеміз, - деп атап өтті брифингте діни лидер.

Мемлекет басшысы Ұлттық ғибадаттық таңертеңгі ас және Ғибадат етуші топ палатасының (АҚШ Сенаты) төрағасы Дон Бонкерді қабылдады.

 
- Мен мұнда АҚШ Сенатының атынан келдім. Біз болып өткен конгресті өте маңызды оқиға ретінде қарастырамыз. Қазіргі дүниеде жанжалдар көп және олардың денінде діни негіз бар. Президент Нұрсұлтан Назарбаев дінаралық үнқатысуды ілгерілету үшін бар күш-жігерін жұмсауда. Біздің өзгешеліктерімізге қарамастан, бірлесе отырып көп нәрсеге қол жеткізе аламыз. Қазақстан Президенті мен халқының арқасында, бәлкім, біз көп кешікпей топтасуға және келісімге жетеміз, - деді Дон Бонкер.

Мемлекет басшысы Бүкіләлемдік лютерандық федерациясының бас хатшысы Ишмаэль Ноконы қабылдады.

 
- Бұл өте жемісті конференция болды. Біз Съезді ядролық қарудан бас тартқан елде өткізіліп отырғанын айқын сезіндік. Бұл Қазақстан басшылығы қабылдаған айрықша маңызды шешім болды. Қазақстан қару-жараққа инвестиция салудың орнына халықтардың бейбіт қатар өмір сүруіне, оның үстіне тек елдің ішінде ғана емес, сонымен қатар одан тыс жерлерде де бейбіт қатар өмір сүруіне инвестиция салды. Қазақстанға болашақта да осы саясатты жалғастыруды тілеймін, - деп атап көрсетті И.Ноко.

Қазақстан Президенті Азия буддистері орталығының (Моңғолия) басшысы Дэмбэрэл Чойжамцты қабылдады.

 
- Біз осындай конгреске қатысқанымыз үшін өзімізді бақытты сезінеміз. Бұл өте маңызды Съезд болды. Бұл жаһандық дінаралық үнқатысуды қалыптастыруда орасан зор рөл атқаратын әрі Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасының арқасында мүмкін болған бірегей форум, - деді Д. Чойжамц.

 

Иран Ислам Республикасы  Жоғары мәдени кеңесінің мүшесі Али Акбар Садеги Рашадпен кездесу кезінде екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелері мен Иранның ядролық проблемасын шешу жолдары талқыланды. Али Акбар Садеги Рашад Мемлекет басшысына Иран Президенті Ахмадинежадтың ең ізгі тілектестігін жеткізді.

 
- Қазақстан – тамаша ел және мұнда ғажап адамдар өмір сүреді. Мен мұнда алғаш рет келдім, алайда өзімді үйдегідей сезінемін. әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының ІІ съезі өте жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өтті. Қатысушылар форумда тартымды әрі терең ғылыми баяндамалар жасады, - деді ол журналистерге арналған брифингте.



Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар