Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

14 наурыз 2013
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қысқа мерзімді демалысы кезінде Израиль Президенті Шимон Переспен жұмыс бабындағы кездесу өткізді

Кездесу барысында екі елдің көшбасшылары экономика саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады. Соның ішінде агроөнеркәсіп кешені мен инновациялық технологиялар сияқты негізгі бағыттар бойынша өзара іс-қимыл жайы қарастырылды.

Талқылау нәтижесі бойынша Мемлекет басшылары екі ел арасындағы серіктестік қатынастарын одан әрі нығайту және мемлекетаралық ынтымақтастықтың ауқымын кеңейту қажеттігін атап өтті.   


Барлық жаңалықтар
 
Өзге оқиғалар
Барлық оқиғалар