Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

16 тамыз 2013
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Габала қаласында Қырғыз Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаевпен кездесу өткізді

Мемлекет басшылары Астана мен Бішкектегі кездесулер қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру барысын талқылап, бұның екіжақты қарым-қатынастарға жаңа серпін беретініне сенім білдірді.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Алмазбек Атамбаев Бішкекте жоспарланған ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесі отырысының негізгі мәселелерін де қарастырды.

Сонымен қатар, тараптар сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективалары туралы әңгімелесті.


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де шетелдерге сапарлар
Барлық шетелдерге сапарлар