Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

28 қаңтар 2020
Мемлекет басшысы Дубай инвестициялық корпорациясының атқарушы директоры Мұхаммед аш-Шайбанимен кездесті
Біріккен Араб Әмірліктері, Дубай қаласы

Кездесу барысында қаржы саласындағы өзара ынтымақтастыққа және «Астана» халықаралық қаржы орталығының одан әрі даму перспективасына қатысты мәселелер талқыланды.

Сонымен қатар Дубай инвестициялық корпорациясының Қазақстандағы жекешелендіру бағдарламасына және «Астана» халықаралық қаржы орталығы биржасының жұмысына белсенді қатысу мүмкіндіктері қарастырылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Мұхаммед аш-Шайбаниге Қазақстан активтеріне инвестиция салуға және сатып алуға қызығушылық білдірген жағдайда біздің мемлекеттік құрылымдардың инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасауға дайын екенін айтты.  


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де шетелдерге сапарлар
Барлық шетелдерге сапарлар