National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевпен кездесті

2014 жылғы 04 маусым

 

Кездесу барысында  мемлекеттер басшылары екіжақты ынтымақтастықтың басымдығы бар бағыттарын, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады.

Атап айтқанда, Нұрсұлтан Назарбаев пен Ильхам Әлиев сауда-экономика, мұнай-газ және көлік-логистика салаларындағы қарым-қатынасты күшейту перспективаларына тоқталды. Бұл ретте тараптар экономикалық әлеуетті жүзеге асыру мақсатында өзара сауда көлемін ұлғайтудың маңыздылығын атап өтті.

Бұдан бөлек, екі ел көшбасшылары халықаралық және өңірлік ұйымдар, Түркітілдес мемлекеттер Парламенттік Ассамблеясы аясындағы өзара іс-қимыл барысын қарастырды.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің