Жаңалықтар

20 наурыз 2016
Мемлекет басшысы Ауғанстан Ислам Республикасының Президенті Мохаммад Ашраф Ғанимен телефон арқылы сөйлесті

 

Телефон арқылы әңгімелесуге ауған жағы бастамашы болды. М.А.Ғани әңгіме барысында Мемлекет басшысын Наурыз мерекесімен құттықтап, Қазақстан халқының өсіп-өркендей беруіне тілектестігін білдірді.

Сондай-ақ Ауғанстан басшысы Қазақстан Президентін Парламент Мәжілісінің кезектен тыс сайлауының табысты өтуімен құттықтады.

Мемлекеттер басшылары Ауғанстан Президентінің Қазақстанға 2015 жылы қарашадағы алғашқы ресми сапарында қол жеткен уағдаластықтарды жүзеге асыру қажеттігіне тоқталды.

Сонымен қатар, тараптар өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін талқылады. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның Ауғанстанды қалпына келтіру үшін күш-жігер жұмсауын жалғастыра беретінін айтты. Бұл ретте тараптар көпжақты құрылымдардың, соның ішінде ШЫҰ аясындағы өзара іс-қимылдың деңгейіне қанағаттанушылық білдірді.


Барлық жаңалықтар
 
Өзге телефон қоңыраулары
Барлық телефон қоңыраулары