Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

23 желтоқсан 2019
Қасым-Жомарт Тоқаев қырғыз режиссері Болот Шамшиевтің отбасына көңіл айтты

Қазақстан Президенті қырғыз халқының аса көрнекті режиссері Болот Шамшиевтің қайтыс болуына байланысты оның отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады.

«Болот Төленұлы әлемдік кино өнерінде өшпес із қалдырды. Ол екі ел арасындағы достықты нығайтуға зор үлес қосты. Ол сахналаған қазақ әдебиеті мен драматургиясы классиктерінің шығармалары Қазақстан мен Қырғызстан халықтарының ортақ мәдени мұрасына айналды. Болот Шамшиевтің есімі біздің жүрегімізде мәңгі сақталады», – делінген жеделхатта.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар