Жаңалықтар

15 желтоқсан 2012
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Америка Құрама Штаттарының Президенті Барак Обамаға Коннектикут штатындағы көптеген жазықсыз жандардың өмірін қиған оқиғаға байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады

 

Жеделхатта Қазақстан Президенті Ньютаун қаласындағы көптеген күнәсіз бүлдіршіндер мен жазықсыз жандардың өмірін қиған жан түршігерлік оқиға туралы жайсыз хабар өзін және барша Қазақстан халқын қатты күйзелткенін атап өтеді.

«Халқымыздың атынан және жеке өз тарапымнан Сізге, қаза тапқандардың туыс-жақындарына және барша Америка халқына шын пейілмен қайғыра көңіл айтамын. Осындай қасіретті күнде баршаңызға төзімділік пен табандылық тілеймін» делінген жеделхатта.


Барлық жаңалықтар
 
Өзге жеделхаттар мен хаттар
Барлық жеделхаттар мен хаттар