Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

25 қазан 2016
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қатар мемлекетінің Әмірі шейх Тамим бен Хамад Әл Таниге шейх Халиф бен Хамад Әл Танидің қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Халиф бен Хамад Әл Танидің қазасы туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

«Осы қиын сәтте орны толмас қазаға ортақтаса отырып, Сізді және жақындарыңызды бекем болуға, сабырлылық сақтауға шақырамын», – делінген көңіл айту жеделхатында.    

Сонымен қатар, жеделхатта бар ғұмырын Қатар мемлекетінің қалыптасуына және халықаралық аренада исламның мүддесін қорғау жолына арнаған шейх Халиф бен Хамад Әл Танидің тарихи тұлға және беделді саясаткер ретінде әрдайым есте қалатыны атап өтілген.


Барлық жаңалықтар
 
Өзге жеделхаттар мен хаттар
Барлық жеделхаттар мен хаттар