National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Мемлекет басшысы атына оның Қазақстан Республикасы Президенті болып сайлануына байланысты Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннен құттықтау жеделхаты келіп түсті

2015 жылғы 27 сәуір

 

Владимир Путин Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлауда айқын жеңіске жетуіне байланысты шын жүректен құттықтайтынын жеткізген.

– Дауыс беру қорытындысы Сіздің отандастарыңыз алдындағы биік беделіңізді толығымен қуаттайды. Қазақстан азаматтары өз таңдаулары арқылы Сіздің елді әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан жеделдетіп дамыту, еуразиялық ықпалдастық үдерістерге белсене қатысу және Ресеймен стратегиялық әрі одақтастық серіктестік қатынастарды нығайту жөніндегі бағдарыңызға кеңінен қолдауын көрсетті, – делінген жеделхатта.

Ресей Федерациясының Президенті сенімді диалог пен екіжақты байланыстардың ауқымын одан әрі өрістету жөніндегі бірлескен жұмысты, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ пен өзге де халықаралық құрылымдар аясындағы сындарлы ықпалдастықты жалғастыруға дайын екендігін атап көрсетті.

– Бұл Ресей мен Қазақстанның бауырлас халықтарының түпкі мүдделеріне сай келетініне, біздің құрлықтағы бейбітшілікті, тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі бағытпен үндесетініне сенімдімін, – делінген құттықтауда.

Соңында Владимир Путин Нұрсұлтан Назарбаевқа мықты денсаулық, сарқылмас қуат және мемлекет басшылығындағы аса жауапты қызметіне жаңа табыстар тіледі. 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің