Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

24 тамыз 2016
Мемлекет басшысы Италия Республикасының Премьер-Министрі Маттео Ренциге жер сілкінісіне байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады

Елбасы Апеннин түбегінің орталық бөлігіндегі жер сілкінісі салдарынан адамдардың қаза болғаны туралы суыт хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

Нұрсұлтан Назарбаев қайғыға ортақтасып, қаза болғандардың отбасылары мен туған-туыстарына көңіл айтты.

Сондай-ақ, Қазақстан Президенті достас Италияға көмек көрсетуге дайын екенін жеткізіп, табиғат апатынан зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.


Барлық жаңалықтар
 
Өзге жеделхаттар мен хаттар
Барлық жеделхаттар мен хаттар