Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

17 тамыз 2013
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев белгілі металлург, Қазақстанның Еңбек Ері Бағдат Шаяхметовтің қайтыс болуына байланысты оның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады

 

Жеделхатта Бағдат Мұхаметұлының Өскемен титан-магний комбинатында жарты ғасырға жуық еңбек етіп, қатардағы жұмысшыдан мекеменің басшысына дейінгі жолдан өткені атап көрсетілген. Бағдат Шаяхметовтің Қазақстанның тәуелсіздігін нығайтудағы және еліміздің өндірістік әлеуетін арттырудағы еңбегі жоғары мемлекеттік марапаттармен атап өтілген.

«Ол еліміздің экономикасының дамуына және өндірісінің өркендеуіне өлшеусіз үлес қосты. Оның жарқын бейнесі әрқашан есте сақталады деп сенемін», – делінген жеделхатта.       


Барлық жаңалықтар
 
Өзге жеделхаттар мен хаттар
Барлық жеделхаттар мен хаттар