Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

26 қараша 2016
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Фидель Кастроның қайтыс болуына байланысты Куба Республикасы Мемлекеттік кеңесінің және Министрлер кеңесінің төрағасы Рауль Модесто Кастро Русқа көңіл айту жеделхатын жолдады

Жеделхатта Қазақстан Президенті Куба революциясы көшбасшысының дүниеден өткені туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдағаны атап өтілген.

«Қазақстан халқы команданте Фидель Кастроны парасатты басшы, беделді саясаткер және екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға зор еңбек сіңірген тарихи тұлға ретінде есінде сақтайтын болады», – делінген көңіл айту жеделхатында.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан достас Куба Республикасының халқына көңіл айтты.


Барлық жаңалықтар
 
Өзге жеделхаттар мен хаттар
Барлық жеделхаттар мен хаттар