National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Мемлекет басшысының атына оның Қазақстан Республикасы Президенті болып сайлануына байланысты Грузия Президенті Георгий Маргвелашвилиден құттықтау жеделхаты келіп түсті

2015 жылғы 29 сәуір

 

Георгий Маргвелашвили Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы жеңісімен шын жүректен құттықтайтынын жеткізген.

«Қазақстан халқының бірлігі байқатқан сайлауға қатысудың өте жоғары көрсеткіші халық игілігі жолындағы көпжылдық қажырлы еңбегіңізді ғана емес, елді бұдан әрі де жан-жақты дамыту үшін Сіз қойған мақсаттарды да қалтқысыз қолдаудың көрінісі болып саналады. Қазақстан халқы Сіздің дана саясаткер және мемлекет қайраткері ретіндегі бай тәжірибеңізді ескере отырып, татулық, тұрақтылық үшін, азаматтардың және бүкіл республиканың бұдан арғы бақуаттылығы үшін таңдау жасағаны сөзсіз», – делінген жеделхатта.

Грузия Президенті Қазақстан-Грузия қарым-қатынасын нығайтуға байланысты мәселелер алдағы уақытта да Нұрсұлтан Назарбаевтың назарында боларына  үміттенетінін жеткізген.

Соңында Г.Маргвелашвили Қазақстан Президентіне Қазақстан халқының игілігі жолындағы барлық бастамаларына табыс тіледі.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің