National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Мемлекет басшысының атына оның Қазақстан Республикасы Президенті болып сайлануына байланысты Украина Президенті Петр Порошенкодан құттықтау жеделхаты келіп түсті

2015 жылғы 29 сәуір

 

Петр Порошенко Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады.

«Сіз алған халық сенімінің жаңа мандаты Қазақстанның заманауи мемлекеттілігінің табысты дамуына қосқан үлесіңіздің мойындалғанын айғақтайды», – делінген жеделхатта.

Украина Президенті еліне оның тарихының күрделі кезеңінде қолдау көрсеткені үшін Қазақстан Президентіне ризашылық білдірген.  

«Бірлескен күш-жігеріміз арқылы біз екіжақты қарым-қатынасты жандандырып, елдеріміз арасындағы көпқырлы ынтымақтастық аясын кеңейтеміз деген сенімдемін», – делінген құттықтауда.

Соңында П.Порошенко Қазақстан Президентіне мықты денсаулық, бақуаттылық және жауапты мемлекеттік қызметіне жаңа табыс, ал достас Қазақстан халқына бейбітшілік пен бақ-береке тіледі. 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің