National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Мемлекет басшысының атына оның Қазақстан Республикасы Президенті болып сайлануына байланысты Ұлыбритания Премьер-Министрі Дэвид Кэмероннан құттықтау жеделхаты келіп түсті

2015 жылғы 29 сәуір

 

Дэвид Кэмерон Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады.

«Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия біріккен Корольдігі Қазақстанның экономиканы әртараптандыруға, орнықты дамуға және елді саяси жаңғыртуға бағытталған күш-жігерін құптайды және қолдайды», – делінген жеделхатта.

Ұлыбритания Премьер-Министрі Қазақстанға 2013 жылғы сапарын жылы сезіммен еске алатынын атап өткен.

«Біз Қазақстанмен берік, ашық және даму үстіндегі өзара байланыстарымызды бағалаймыз, сондай-ақ екіжақты күн тәртібінің кең ауқымы бойынша бұдан да бекем қарым-қатынастар орнатуға бейілдіміз», – делінген құттықтауда. 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің