Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

14 қазан 2016
Нұрсұлтан Назарбаев Антониу Гутерришке Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы лауазымына сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады

Жеделхатта дауыс беру нәтижелері ұйымға мүше елдердің А.Гутерришке деген зор сенімін көрсеткені атап өтілген.

«Бүгінде біздің алдымызда тұрған елеулі сын-қатерлерді ескерсек, бұл сенім вотумының маңыздылығы ерекше. Терроризм және экстремизмге қарсы күресу, Орталық Азия мен Ауғанстандағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ ядролық қаруды таратпау – БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 2017-2018 жылдардағы тұрақты емес мүшесі ретіндегі Қазақстанның қызметінің басты мәселелері. Бұл бағытта белсенді түрде жемісті ынтымақтастық орнатамыз деп үміттенемін», – делінген жеделхатта.

Соңында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев А.Гутерришке жауапты қызметінде табыс тілеп, еліміздің БҰҰ-мен тиімді өзара іс-қимылы одан әрі жалғаса беретініне сенім білдірді.


Барлық жаңалықтар
 
Өзге жеделхаттар мен хаттар
Барлық жеделхаттар мен хаттар