Жаңалықтар

29 сәуір 2015
Нұрсұлтан Назарбаевтың атына оның Қазақстан Республикасы Президенті болып сайлануына байланысты Иордания Королі II Абдалла ибн Хусейннен құттықтау жеделхаты келіп түсті

 

II Абдалла ибн Хусейн жеке өзінің және иордан халқының атынан Нұрсұлтан Назарбаевты президент сайлауындағы жеңісімен құттықтады.

«Қазақстанмен барлық саладағы мемлекетаралық қарым-қатынасымызды одан әрі де өрістетуге, сондай-ақ достас елдеріміздің мүддесі және бүкіл мұсылман әлемінің игілігі үшін қауіпсіздікті, тұрақтылық пен беййбітшілікті қамтамасыз етудегі күш-жігерімізді  арттыруға деген ұмтылысымызды атап өткім келеді», – делінген жеделхатта.

Соңында Иордания Королі Нұрсұлтан Назарбаевқа мықты денсаулық тілеп, достас Қазақстан халқының ілгерілеуі мен өсіп-өркендеуіне ниеттестік білдірді. 


Барлық жаңалықтар
 
Өзге жеделхаттар мен хаттар
Барлық жеделхаттар мен хаттар