National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Нұрсұлтан Назарбаевтың атына оның Қазақстан Республикасы Президенті болып сайлануына байланысты Люксембург Премьер-Министрі Ксавье Беттельден құттықтау жеделхаты келіп түсті

2015 жылғы 30 сәуір

 

Ксавье Беттель Люксембург Ұлы Герцогтігі Үкіметінің және жеке өзінің атынан Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады.

«Елдеріміздің арасындағы қарым-қатынастарды нығайту мақсатында  Сізбен және Сіздің Үкіметпен бірлескен жұмысты жалғастыра беретініме қуаныштымын. Өзара мүдделестік танытқан екіжақты мәселелерді менің Астанаға мамыр айында болатын сапарым кезінде Сізбен талқылау мүмкіндігін тағатсыздана күтудемін», – делінген жеделхатта.

Люксембург Премьер-Министрі Қазақстан Президентіне жауапты лауазымдағы жұмысына табыс тіледі.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің