National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Нұрсұлтан Назарбаевтың атына оның Қазақстан Республикасы Президенті болып сайлануына байланысты Италия Президенті Серджио Маттарелладан құттықтау жеделхаты келіп түсті

2015 жылғы 30 сәуір

 

С.Маттарелла Италия халқының және жеке өзінің атынан Нұрсұлтан Назарбаевты жеңісімен құттықтады.

«Қазақстан мен Италия арасындағы дәстүрлі энергетика және басқа да салалардағы жемісті ынтымақтастығымыздың бағыты дұрыс. Қазақстан Сіздің басшылығыңыз арқылы Еуропалық одақпен қарым-қатынастарын, сондай-ақ Астана мен Рим арасындағы байланыстарды нығайтуды жалғастыратынына сенемін», – делінген құттықтауда.

Италия Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа және бүкіл елімізге бақ-береке тіледі.

 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің