Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

18 қараша 2010
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Каспий маңы елдері мемлекет басшыларының саммиті аясында Ресей Федерациясының Президенті Дмитрий Медведевпен кездесті.

Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев пен Дмитрий Медведев екі жақты экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларын талқылады.

Сонымен қатар, тараптар халықаралық және аймақтық қауіпсіздіктің ең өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты.

Ресей Президенті Дмитрий Медведев, алдағы уақытта өтетін ЕҚЫҰ-ның саммиті тақырыбын қозғай келе, былай деді:

- Мен ЕҚЫҰ-ның Астана саммиті жоғары деңгейде өтетініне сенемін, Сізге саммитті өткізуде табыс тілеймін.  


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар