Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

17 шілде 2006
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Санкт-Петербургте Француз Республикасының Президенті Жак Ширакпен кездесті.

Кездесу кезінде Қазақстан-Франция ынтымақтастығының кең ауқымды мәселелері талқыланды.

Қазақстан мен Франция басшылары өзара түсіністіктің жоғары деңгейде екенін және әлемнің қазіргі заманғы өзекті мәселелері төңірегіндегі ұстанымдарының ұқсастығын атап өтті.

Екі ел арасындағы қарым-қатынастарды дамытуда Мемлекет басшылары арасындағы өзара сенімге құрылған пікірлестік маңызды рөл атқарады. Соңғы он жыл ішінде Нұрсұлтан Назарбаев пен Жак Ширактың екіжақты сапарлар мен халықаралық форумдар аясындағы оннан аса кездесуі өтті.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар