Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

17 шілде 2006
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Санкт-Петербургтегі «Сегіздік тобы» саммитіне қатысу аясында Үндістан Премьер-министрі Манмохан Сингхпен кездесті.

Кездесу кезінде сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

-Қазақстан біздің жақын досымыз болып саналады және біз Сізді ерекше құрметтейміз. Біз өзіміздің іскер топтарымыз арасындағы ынтымақтастықты кеңейтуге жол ашуымыз керек. Біз қазақстандағы ірі жобаларға қатысуға өте қуанышты болар едік,- деді Үндістан Премьер-министрі Қазақстан басшысына. Ол АӨСШК-тің екінші саммитін табысты өтуімен елімізді құттықтап, аталған форумның құрлықтағы қауіпсіздікті нығайтуға қосып келе жатқан елеулі үлесін атап өтті.

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Үндістан арасында барлық бағыттағы ынтымақтастықты кеңейтуге тосқауыл болатын ешқандай проблеманың жоқ екенін атап өтті.

-Қазақстанда индустриялық даму бағдарламасы іске асырылуда, оған Үндістанның шағын және орта бизнесі қатыса алады. Фармацевтика, тігін өнеркәсібі, жоғары технологиялар, газ және мұнай құбырларының құрылысы салаларындағы ынтымақтастықтың келешегі кемелболмақ, - деп атап көрсетті Нұрсұлтан Назарбаев.

М.Сингх Қазақстан Президентін Үндістанға сапармен келуге шақырды.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар