Жаңалықтар

19 тамыз 2010
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Украина Президенті Виктор Януковичпен телефон арқылы сөйлесті.

В.Янукович Қазақстанды Астанада 2010 жылғы 1-2 желтоқсанда ЕҚЫҰ-ға қатысушы мемлекет басшыларының Саммитін өткізу туралы тарихи шешімнің қабылдануымен құттықтады.

Әңгімелесу барысында Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың 2010 жылғы қыркүйекте Украинаға ресми сапарына дайындық жүргізу және оны өткізу мәселесі талқыланды. 2010-2011 жылдарға арналған «Жол картасы-3» Қазақстан мен Украина ынтымақтастығы Жоспарын іске асыру барысына ерекше назар аударылды.  


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар